Библиотека

Төреғали Төреәлі - Қорқыт

Добавил:admin (04.10.2016 / 18:17)
Прочтений:496
Төреғали Төреәлі - Қорқыт (2016)

Қорқыт бабамыздан қалған,
Қобыз - өкініш пен арман.
Тыңдасаң, сыр айтады,
Өкініп мұң айтады.

Оғыз - ұрпақтары тірі,
Қобыз заманының үні.
Бозінген боздағаны,
Жүректі қозғағаны.

Қорқыт, әруағы қозған,
Қобыз, қиялынан озған.
Шежіре шер дастаны.
Өнердің алды аспаны.

Қобыз - дүниенің шегі,
Қорқыт - тәңірімнің тегі.
Мәрттігін мақұлдатқан,
Өлместің отын жаққан.
Скачать txt