Библиотека

Төреғали Төреәлі & Асқар Маденов - Студенттік өмір

Добавил:admin (04.10.2016 / 18:15)
Прочтений:448
Төреғали Төреәлі & Асқар Маденов - Студенттік өмір (2016)

Арман қуып ауылдан асып, келді көп қыз, көп ұл
Жатақхана шағын қалашық, болды ау мекен өңір
Көбелектей жалынға ғашық, алып ұшқан көңіл
Көңіл тойған қарындар ашып, студенттік өмір

Қайырмасы:
Студенттік өмірді сағындым
Бастауындай бағымның
Студенттік өмір
Ең соңғы кезең ерке шағымның

Өмірден аларың, мейірімі ананың
Ақылы ағаның, содан соң басылар
Мектепке қадамың, өсерсің өнесің
Жадырап жанарың, өзіңнің қалауың
Болашақ маманың, өмірің, көңілің
Бір күні қуаныш, бір күні нала мұң
Ей қарағым көресің, көнесің
Мойныңа артылған өмірдің талабын
Айырып шындығын ағы мен қарасын
Жақсы мен жаманның, адал мен арамның
Жасалар амалың көк асып мерейің
Жер басып табаның біліммен бұза бер
Тағдырдың қамалын, ұштасын қаламың
Ашылсын қабағың, бұл сенің заманың
Қадірін ұғынсаң тәлімін беретін
Сүйретер өзіңді, ерітер сабағың

Мейірімді мұғалімдерім, бізге берген барын
Құрдастарым қыраным менің, қайдасыңдар бәрің
Сарыларым көп айта бермейтін жабырқайды жаным
Сағынғанмен қайта келмейтін студенттік шағым

Қайырмасы:
Студенттік өмірді сағындым
Бастауындай бағымның
Студенттік өмір
Ең соңғы кезең ерке шағымның
Скачать txt