Библиотека
Понти Жорабеков - Insh Allah (2016)

Бір ару қыз келеді, жүрістері топ-топ
Белдерімен қимылдап, билейді екен хип-хоп
Ол интернет жұлдызы, суретте Мадонна
Есімін сұрастырсам beautiful Адонна
Жүрісіңмен қаратасын көшедегі жігітті
Суретіңмен қаратасын шетелдік бір жігітті
Мұсылман қыз кімге арнадың жүрегіңді

Бір арудың жүрегі мұсылман қарапайым
Бір жұлдыздың ойында суретіммен қаратайын
Бір сұлуды көрдім әдепті ол Ма Ша Алла
Әдептілікті көрмеген қыздар да қаншама
Болашақта жарың сенің суретпен мақтана ма?
Әлде жастықпен жасады деп ақтала ма?
Ақтала ма?, мақтана ма?, бақ таба ма? бәрі де кеш
Зулады, өтеді ,өмір кетеді тез

Ей ару қыз кел маған, алдайды олар
Ей ару қыз сен маған, арбайды олар
Өмір өтіп кетеді қасқағым сәтте
Мұсылманның жары болшы осы сәтте

Инш Аллах мұсылмандар бақытты болады
Инш Аллах мұсылманға бақыт құс қонады
Инш Аллах, Инш Аллах, Инш Аллах (2 рет)
Скачать txt